Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығы (2020.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 322 бұйрығының (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 15220 болып тіркелген Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 маусымда жарияланған) күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Қ.И. Миятов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|