Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 қаулысына қосымша
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|