«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 677 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды. Ішкі мемлекеттік аудит Заңның 17-бабының 1-тармағымен айқындалған өзара байланысты кезеңдерден тұрады. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аудиторлық дәлелдемелер – мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің бар немесе жоқ екенін анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|