Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Өсімдік шаруашылығы бойынша әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 4-1/509 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8949 болып тіркелген): кіріспеcі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Сүрі жерлердің жай-күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Азықтарды дайындау туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Күзгі дала жұмыстарының барысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қар тоқтатуды жүргізу барысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Күздік дақылдар егістерінің жай-күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|