Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі (бұдан әрі - Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 80-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттер үшін үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюды айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|