«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 42/қе бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Шекаралық наряд келген адамдардың мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттарын тексеруді аэровокзалдық кешендердегі паспорттық бақылау кабиналарында немесе арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелері экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|