Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары) белгіленген тәртіпке сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті беруге өтініштерді қағаз нұсқасына балама ретінде электрондық нысанда беру және қарау мүмкіндігімен ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) іске қосылсын. 2. Қоса беріліп отырған ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін. 3. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі осы бірлескен бұйрық күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін айқындалсын. 4. «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры: 1) «Smart Bridge» платформасында өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі - ДҚБ сервисі) қосылуды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|