ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.13.11. № 1255 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 68-қосымша
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.13.11. № 1255 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 69-қосымша
«Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және «Патент құнын есептеу»-ге арналған патент алу үшін салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда) және әлеуметтік төлемдер кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды. 2. Есеп есептің өзінен (911.00-нысан) және патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Есепке қосымша есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «-» - алу; «х» - көбейту. 8. Соманың теріс мәні есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|