|
|
|
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі одан әрі шаралар туралы
Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 5 тармағына және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12 тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы қаласының аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелер, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары қамтамасыз етсін: 1.1. «Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 қаулысына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыруды және енгізуді; 1.2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 12 наурыздағы № 12 және «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 13 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларын іске асыруды. 2. «Алматы қаласындағы карантиндік шараларды жеңілдету туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндет атқарушының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 4 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |