Осы редакция 2018 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы әкімдігінің 2016.21.06. № 107-1325 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 107-1565 қаулысына 6-қосымша
«Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.21.06. берілген өзгерістермен)
1. «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы - «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 13670 болып тіркелген) «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінген ақша қаражатын тағайындау туралы шешім. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|