Денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау көлеміне қойылатын номенклатураны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 587 бұйрығы
«Азаматтық қорғаныс туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2), 14) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ғинияттың 2022 жылғы 2 шілдедегі хаттамасының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау көлеміне қойылатын номенклатураны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау көлеміне қойылатын номенклатураның жобасын әзірлесін және енгізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 587 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау көлеміне қойылатын номенклатураны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|