«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 5 маусымдағы № 101 Қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|