Осы редакция 2016 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына 7-қосымша
«Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - электрондық немесе қағаз түрде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және олардың тіркелуін жүзеге асырады. Нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|