«Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 524 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11283 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жүк жөнелтуші - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнайды өндіруді жүзеге асыратын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға, мұнайды тасымалдау жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген, олар уәкілеттік берген тұлға;». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|