|
|
|
19.10.2022 Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді жетілдіру туралы
Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – тәуелсіз ұлттың мәдиниеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Соңдықтан да, ол – ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. Ұлт тілінің мемлекеттік тіл ретінде танылуы тіл бағының жануы, мемлекеттік тілді білу сол мемлекеттегі әрбір азаматтың борышы саналуы тиіс. Мемлекеттік деңгейде тіл саясатының шешілуі – өте өзекті әрі маңызды мәселе. Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізінде салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды. Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Ол біздің сот жүйесіне тікелей қатысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпандағы «Ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі республикамыздың барлық соттарында қолданылады. Қазір іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибиесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғарғы сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазақтың бай тілі – біздің ата-бабадан қалған құнды қазына, ұлттық мұраның қайнар көзі. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолдану аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдамалар жасалған.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман сот мәжілісінің хатшысы С.Қ. Мұсай
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |