|
|
|
Қызылорда облысы Бас санитариялық дәрігерінің «Қызылорда облысы бойынша қатаң шектеу және карантиндік шараларды енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазакстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, 150-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Қазакстан Республикасынын аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы» № 239 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгузу туралы» № 44 Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.2020 жылдың 03 шілдедегі Қызылорда облысы Бас санитариялық дәрігерінің «Қызылорда облысы бойынша қатаң шектеу және карантиндік шараларды енгізу туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 2 тармақтың 12) тармакшасы келесі 12) жэне 12.1) редакциясында жазылсын: «12) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне тыйым салуды; 12.1) 500 м артық азык-түлік емес дүкендердің тек жеткізу кызметіне рұқсат беру;»; 2 тармақтың 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «16) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу жэне қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыруды;»; 2 тармақтың 17) тармакшасы келесі редакцияда жазылсын: «17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыруды;»; 3 тармақтың 4) тармақшасын алып тастауды. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме калдырамын. 3. Осы қаулы қол койған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |