Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы (2023.01.10. берілген өзгерістермен)
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидалары бекітілсін. 2. Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфақұрылымдық Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|