Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 7-қосымша
Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бағлау бойынша нұсқаулық
1. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бағалауды нақтылай түседі. 2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бағалауды ұйымдастыру
3. Түбітті ешкілерді таралымға дейін, жүнділерді қырқымға дейін, сүттілерді - жазды-күзді мерзімде. 4. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді (бұдан әрі -тұқымды ешкілер) тұқымдық ешкілер таза тұқымды және будандар болып бөлінеді. 5. Тазатұқымды ешкілер сұрыптау кезінде 3 классқа бөлінеді: 1) элита классы -конституционалды-өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша бірінші кластан едәуір басым, тұқым стандартына толығымен сай келетін малдар. 2) бірінші класс - конституционалды -өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша тұқым стандартына сай келетін малдар. 3) екінші класс - тұқым стандартының бір талабын (жүн түсімі, тірілей салмағы, жүн ұзындығы мен жіңішкелігі) қанағаттандырмайтын, бірақ өз төлінен көбейтуге жарайтын малдар. 4) жарамсыз (брак) - көрсетілген класстардың талаптарын қанағаттандырмайтын, бірақ өндірістік отарларда төлдеу және тауарлы өнім алуға жарайтын, барлық қалған ешкілер. 6. Будан ешкілері сұрыптау кезінде келесі классқа бөлінеді: 1) элита классы -конституционалды-өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша бірінші кластан едәуір басым, тұқым стандартына толығымен сай келетін малдар; 2) бірінші класс - конституционалды -өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша тұқым стандартына сай келетін ешкілер. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|