«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын бекіту туралы (2022.08.11. берілген өзгерістермен)
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша): 1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін; 2) жартыжылдық негізде, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысымен бекітілген
«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары
Бүгінгі күні кедейшілік пен жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің проблемалары бойынша мынадай жағдай байқалуда. 1. Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,3 %-ды құрайды. ЭЫДҰ әдістемесі бойынша Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10 %-ды құрайды. ЭЫДҰ елдерінде кедей халықтың үлесі 11,6 %-ды құрайды (АҚШ-та – 16,8 %, Израильде – 17,7 %, Чилиде – 16,8 %, Канадада – 14,2 %, Аустралияда – 12,8 %, Ұлыбританияда – 10,8 %). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|