Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабының 2 - тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 4 қазандағы № 185 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. Осы Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылады: 1) біржолғы ақшалай сыйақы беру; 2) алғыс жариялау; 3) бағалы сыйлықпен марапаттау; 4) грамотамен марапаттау; 5) құрметті атақ беру; 6) көтермелеудің өзге де нысандары. 3. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|