Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 322 Қаулысымен күші жойылды Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 қазан № 479 қаулысымен бекітілген
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі. 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны -қағаз түрiнде. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт). 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|