|
Мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/436 және Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-5 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29718 болып тіркелді) сәйкес Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Целиноград ауданы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін. 2. «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Тайтобе ауылының әкімі П. Досмағанбетов мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппартының басшысы А. Ахмеджановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-266 қаулысымен Бекітілді
«Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Тайтөбе ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|