«Шымкент қаласының «Тұран» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге, «Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешіміне, «Шымкент қаласында құрылған бесінші ауданға атау беру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 1502 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 20/172-VII шешіміне сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шымкент қаласының «Тұран» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. «Шымкент қаласының «Тұран» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмi аппараты басшысының орынбасары А.Сарсееваға жүктелсiн. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 26 тамыздағы № 1659 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының «Тұран» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|