|
|
|
21.10.2024 Ақпараттық технологиялардың сотта дамуы
Сот төрелігін жүзеге асырудың және сот өндірісінің барынша ашықтығына қол жеткізудің ең тиімді бағытының бірі - ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Бүгінгі таңды барлық соттарды біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйені енгізу толықтай аяқталды. Осыдан 9 жыл бұрын Қазақстан Республикасының соттары «Төрелік» АЖ-некөшті. «Төрелік» АЖ-де жұмыс жасау әлдеқайда жеңілдетілген, автоматтандырылған және қағазбастылықты қысқартуға бағытталған. Бүгінгі күні қарапайым халық бұрынғыдай сот мекемелерінің табалдырығын тоздырмай, кез - келген өзіне қалаулы уақытта электронды интернет жүйесі арқылы өз істерінің қай сатыға келгенін, олардың қарау тәртібімен және сотқа келмей-ақ өз арыз-шағымдарын тіркеуге мүмкіндіктері бар. Электронды интернет-ресурстары арқылы сот істері бойынша құжаттарды көру және алу үшін, сот ісіне қатысушыға кез-келген мәліметті алу үшін рұқсат беретін пароль ұсынылып, ол автоматты түрде алушыны қамтамасыз етеді. Ең басты талап, осы жүйені пайдаланушы адамда «ЭСҚ» міндетті түрде болуы керек. Кез келген Қазақстан Республикасының жеке сәйкестендіру нөмірі бар азаматы осы «ЭСҚ»-ны алуға және қажетті жерде пайдалануға құқылы. Электрондық форматтың бір ерекшелігі ақпараттық жүйе іс материалдарын цифрлы түрде сақтайды және қауіпсіздік деңгейі жоғары. Барлық процесстік құжаттардың электрондық нұсқасы бар. Сот актілері соттың базасына уақытылы енгізіліп отырады. Сонымен қатар, ағымдығы жылда істерді электронды түрде қарастыру жүйесі енгізілді. Электронды сот ісін жүргізу - сот ісін жеңілдетуге, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін сот жүйесінің ашық және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының МАЭ сотының судьясы Г.О. Тастанбаева
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |