«Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 561 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11244 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 74-бабын және 152-бабының 3-тармағын қолдану мақсатында «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салықтар бойынша аудит - осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтай отырып, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудиторлық ұйым жүргізетін аудит;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салықтар бойынша аудит Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде аудиттелетін субъектіге қатысты кешенді салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг