Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 174 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (Баку қ., 2022 жылғы 24 тамызда)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі, екіжақты экономикалық қатынастарды, екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында, теңдік, өзара тиімділік қағидаттарын және халықаралық құқықтың басқа да қағидаттарын басшылыққа ала отырып, екі мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға өзара мүдделілікті ескере отырып, екіжақты экономикалық және сауда қатынастарын дамытуға және нығайтуға, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алмасуды көтермелеуге ниет білдіре отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы интеграциялық байланыстарды қолдау және өзара тиімді даму үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік, тең құқылық қағидаттарын, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Әзербайжан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің аумағында және өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес ынтымақтасып жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қолайлы жағдайлар жасайды және екінші Тараптың мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болады.
Тараптар осы Келісімнің негізінде және өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдеседі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|