Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік кәсіпорындары, акционерлік қоғамдары шығыстарының 2021 жылға арналған кейбір лимиттерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 156 бұйрығы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік кәсіпорындары, акционерлік қоғамдары үшін: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеге ұқсас, Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарларға жіберілетін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдарының қызметкерлеріне шығыстарды өтеу нормалары, оларға сәйкес тұрғын үй жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін тәуліктік және шекті мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапарлар үшін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне белгіленген мөлшерден аспауға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында белгіленген шетелдік валютада іссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауға тиіс; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|