2019 жылғы суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ 2019 жылғы суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (келісім бойынша): 1) жазғы каникул кезеңінде балалар демалысын, балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, сондай-ақ Үкімет жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы шеңберінде су айдындарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарасын, онда балалардың су айдындарында қаза болуының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін әзірлесін; 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі-ІІМ) бірлесіп, су айдындарына жақын орналасқан балалар лагерьлерінде құтқару жабдықтарының, судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық стендтердің болуына және жағдайына тексеру жүргізсін; 3) білім беру мекемелері балаларды жүзуге үйретуді ұйымдастыру үшін жүзу бассейндері бар ұйымдармен меморандумдар жасассын; 4) суда балалардың қаза болуын болдырмау бойынша басты профилактикалық шаралардың бірі ретінде балаларды жаппай жүзуге үйрету мәселесі бойынша «Дөңгелек үстел» өткізсін; 5) жалпыға міндетті мемлекеттік орта білім стандарты шеңберінде оқушыларды жүзуге үйрету бойынша сабақтарды оқу процестеріне практикалық енгізуге кіріссін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (келісім бойынша): 1) суға шомылу маусымына дейін мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырумен суға шомылу маусымы кезеңінде суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізуді қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|