«Кондоминиум обьектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 1104 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 4945 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 ж. қазан №10, 283 бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., қыркүйек -қазан) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер» 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі тіркеуші орган) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес бірыңғай кешен ретінде тіркеледі.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі» 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады: 1) қызмет алушының (жеке тұға үшін) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәкестендіру үшін), сондай-ақ, қызмет алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі; Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басын растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады; 2) осы ереженің қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу туралы өтініші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|