«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында: 2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) жұмыс беруші — қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын заңды тұлға; 5) инженерлік-техникалық қызметкерлер — өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер;»; 4-тармақтың 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — ғылыми-педагог қызметкерлер санаты); 4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|