|
|
|
«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы (2022.27.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындасын: 1) мектепке дейінгі ұйымдарда – («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта; 2) жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ): - 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта; - 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта; - 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта; 3) мектептен тыс ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) – штаттық форматта; 4) жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн. Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі. 2. Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін. 3. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД-ның № 42 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР БМСД-ның № 42 қаулысына 4-қосымшада 11-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; 2) ҚР БМСД-ның № 42 қаулысына 4-қосымшада 12, 13, 15 және 34-жолдар алынып тасталсын. 4. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2022.27.01. № 7 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |