Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 1/42 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілсін: 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы; 2) мектепке дейінгі ұйымдарда 15 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ата-ананың ақы төлеу мөлшері. 2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi бекiтiлген сметалар шегiнде тиiстi бiлiм ұйымдары шығындарының орнын толтыруды жүргізсін. 3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарындағы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 2/250 қаулысының (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн. 5. Осы «Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы» қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін. 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|