Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер ұсынылған нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрығымен бекітілген
нысан
Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер есепті кезең үшін 20 ____ жылғы ______ тоқсан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|