<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңы

  • Показать изменения

(2012.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер

Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Ұлттық мерекелер

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008.24.06 № 47-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.22.04. № 152-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.14.12. № 509-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2012.19.10. № 43-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді

3-бап. Мемлекеттік мерекелер

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

  • Показать изменения

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

  • Показать изменения

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

  • Показать изменения

6 шілде - Астана күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

  • Показать изменения

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Кәсіби және өзге де мерекелер

Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік даталар болып табылады.

  • Показать изменения

Мерекелік даталар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Мереке күндері

Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 125-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев