Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018.20.07. № 331 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 171 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 55 Қаулысымен күші жойылды
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Ақтөбе қаласының білім бөлімдерімен, Ақтөбе облысы білім басқармасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11058 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы еркін түрде жазылған қолхат немесе осы стандарттың 10-тармағында бекітілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|