Доклад Министра энергетики РК на расширенном заседании коллегии Министерства энергетики РК
Құрметті әріптестер, отырысқа қатысушылар! Бүгін біз, Энергетика министрілігінің 2018 жылдың жұмысын қорытындылап 2019 жылға қойылатын міндеттерді атап өтпекпіз. 2018 жылы отын-энергетикалық кешенінің әр саласы бойынша көрсеткіштер толық орындалып, рекордтық нәтижелерге қол жеткіздік. Мұнай өндіру саласы еліміздің тарихында болмаған 90 (тоқсан)млн. 360 (үш жүз алпыс)мың тонна көлеміне жетті. Бұл 2017 жылға қарағанда 4,8% (төрт те сегіз)пайызға артық. Мұндай жоғары көрсеткіш Қашаған (13,2 млн.тонна), Теңіз (28,6 млн.тонна) және Қарашығанақ (12,2 млн.тонна) кен орындарында мұнай өндірудің артуына байланысты. Ағымдағы жылы 89 (сексен тоғыз)млн.тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарлануда. Бұл ретте, ескі сатыдағы кен орындарының өндіру көлемі табиғи құлдырауымен байланысты болып отыр. Әсіресе, Қызылорда облысындағы Құмкөл тобында 2019 жылға жоспарланатын өндіру көлемі 1 млн.тоннаға төмендеді. Айта кету керек, мұнай өндірудің табиғи төмендеуін тоқтату мүмкін емес. Дегенмен, төмен қарқынды өндіру көлімі бір қалыпта ұстап тұру үшін тиісті шаралар жасалуда. Мұнай-газ саласында инвестиция тартуды жақсартып, ресурстық базаны ұлғайту үшін заңнамалық реформалар жүзеге асырылды. Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексінің нормалар іске қосылып, қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде. Сонымен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп жер қойынауда жеткіліксіз зерттелген учаскелердің әлеуетін бағалау жүргізілуде. Арал, Шу-Сарысу, Сырдарья, Солтүстік Торғай, Теңіз, Солтүстік Қазақстан, Прииртышский, Балқаш, Ілі, Алакөл, Зайсан шөгінді бассейндерінде.
Биыл осындай учаскелерге геологиялық зерттеудің көлемін бағалау мен оларды қаржыландыру мөлшерін анықтау үшін талдау жүргізілмекші. Осы талдау негізінде 2021-2025 жылдарға арналған Геологиялық барлау бағдарламасын әзірлеп, осы жылдың соңына дейін бекітетін боламыз. Орта мерзімді перспективада геологиялық барлауды белсенді іске қосу және жақсарту басым міндеті осындай. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|