Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) 719+000 километр (бұдан әрі – км) – 803+000 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны; 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Қазығұрт – Қызылқия – Ақжар – Дербісек – Дихан баба облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Қазығұрт – Тұрбат-Өндіріс облыстық маңызы бар автомобиль жолының Қазығұрт-Шарбұлақ учаскесі, Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр облыстық маңызы бар автомобиль жолының Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр учаскесі, 1 мамыр – Сайрам – Шымкент учаскесі, Шымкент – Қасқасу – Көксәйек облыстық маңызы бар автомобиль жолы; 3) ақылы жолдың бастапқы пункті –719 + 000 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 803 + 000 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр; автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 84 км; 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|