|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 Қаулысымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7913 тіркелген, 2012 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 678-682 (27754) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздері, сондай-ақ оны пайдалану бағыттары мониторингінің мақсаты банктердің және олардың клиенттерінің ішкі валюта нарығындағы операциялары, клиенттердің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы және шетел валютасында банк шотын ашпай жүргізілген аударымдар туралы ақпаратты жинақтау арқылы шетел валютасының келіп түсу (жұмсау) көздерін, сатып алу (сату) мақсаттарын сәйкестендіру және бағалау болып табылады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|