Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 1-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке кабинет - «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті; 2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) - мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі; 4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|