Менеджмент жүйелерінің аудиті бойынша
(ISO 19011:2018 Guidelines for auditing management systems, IDT)
Мазмұны
5. Аудит бағдарламасын басқару 7. Аудиторлардың біліктілігі мен бағасы А қосымшасы (ақпараттық) Аудиторлар үшін аудиттерді жоспарлау мен жүргізу бойынша қосымша нұсқаулық
Кіріспе
2011 жылы екінші басылым жарияланғаннан сәттен бастап менеджмент жүйелеріне бірқатар жаңа стандарттар шығарылды, олардың көбінің ортақ құрылымы, бірдей негізгі талаптары, ортақ терминдері мен негізгі анықтамалары бар. Нәтижесінде, менеджмент жүйелері аудитінің анағұрлым кең саласын қарастыру, сондай-ақ анағұрлым ортақ басшылық етуді қамтамасыз ету қажеттігі туындады. Аудит нәтижелері бизнес-жоспарлауды талдау бөлігінде бастапқы деректер ретінде қолданылуы, сондай-ақ бизнесті одан әрі дамыту бойынша қажеттіліктер мен іс-шараларды анықтауға ықпал етуі мүмкін. Аудит бірқатар аудит критерийлері бойынша, бөлек-бөлек немесе үйлесімде жүргізілуі мүмкін, ол мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: - менеджмент жүйесінің бір немесе бірнеше стандартында анықталған талаптар; - тиісті мүдделі тараптар белгілеген саясат пен талаптар; - заңнамалық және нормативтік талаптар; - ұйым немесе басқа тараптар белгілеген менеджмент жүйелерінің бір немесе бірнеше процесі; - менеджмент жүйесінің нақты нәтижелерін қамтамасыз етумен байланысты менеджмент жүйесінің жоспар(-лар)ы (мысалы, сапа жоспары, жобалық жоспар). Осы стандарт типтері мен көлемі әр түрлі болып келетін кәсіпорындар және әр түрлі саладағы және масштабтағы аудиттер үшін, соның ішінде үлкен аудиторлық топтармен жүргізілетін аудиттер, әдетте, ірі кәсіпорындар аудиті және кәсіпорынның ірі немесе шағын болып табылатынына қарамастан, бір аудитор жүргізетін аудиттер үшін нұсқаулық ұсынады. Осы нұсқаулық аудит бағдарламасының көлемі мен масштабына байланысты бейімделуі тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|