Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық мониторингтік топ құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 142 бұйрығы
Баланың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық мониторингтік топ (бұдан әрі - Мониторингтік топ) құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мониторингтік топтың ережесі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері өңірлік мониторингтік топтар құрсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 142 бұйрығына 1-қосымша
Баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық мониторингтік топтың құрамы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, жетекші; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері (келісім бойынша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|