Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы КЕЛІСІМ (Астана қ., 2017 жылғы 1 қарашада)
ҚР 2019 жылғы 5 наурыздағы № 231-VІ Заңымен ратификацияланды 2019 жылғы 28 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі екі мемлекет арасында егемендікті құрметтеу, теңдік пен өзара мүдделік негізінде қылмыстылықпен күрес саласында тиімді өзара іс-қимыл жасауға ықпал етуге ниет білдіре отырып, қылмыстық істер бойынша өзара көмекке ауқымды шаралармен жәрдемдесу қажеттігін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
КӨМЕК КӨРСЕТУ САЛАСЫ
1. Осы Келісімге сәйкес Тараптар қылмыстық істер бойынша тергеулер, қылмыстық қудалау және сот талқылауын жүргізуде бір-біріне көмек көрсетеді. 2. Мұндай құқықтық көмек мыналардың кез келгенін: a) адамның тұрған жерін анықтауды және жеке басын айқындауды; b) қылмыстық талқылауға жататын құжаттар мен материалдарды тапсыруды; c) Сұрау салушы Тараптың құзыретті органына өз еркімен келу үшін куәлардың, жәбірленушілердің және сарапшылардың келісімін алуды; d) дәлелдемелік маңызы бар құжаттарды, материалдар мен заттарды алуды және ұсынуды; e) куәлардан, жәбірленушілерден және сарапшылардан жауап алулар жүргізуді және өтініштер алуды; f) күзетпен ұсталып отырған адамдардың келісімін алғаннан кейін олардың айғақтарын алу үшін немесе Сұрау салушы Тарапқа тергеуге көмек көрсету үшін оларды уақытша беруді; g) сот сараптамаларын жүргізуді, құжаттарды немесе заттарды қарап-тексеруді; һ) тінтулерді жүзеге асыруды, дәлелдемелерді алып қоюды, активтерге тыйым салуды; і) ұлттық заңнама бойынша ақпарат алмасуды; j) осы баптың 3-тармағында көзделгеннен басқа, Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін кез келген басқа да құқықтық көмек алуды қамтиды. a) адамдарды қамаққа алуға арналған шешімдерді орындауға және адамның жеке бостандығын шектейтін басқа да шараларға; b) адамдарды ұстап беруге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|