|
Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 321 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығының 7-бөлімі 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жоспарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 321 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жоспар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|
||||||||||||||||||