«Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 232 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 232 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар корпусын дамыту жобасы бойынша операциялық нұсқаулықта: 15-тармақ мынадай редакциядағы екінші абзацпен толықтырылсын: «2020 жылы 1-компоненттің (IV раунд) іске асырылуы барысында қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы және әлеуметтік кіші жобаларды іске асыру 5 (бес) айға созылады.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Жобаның қаражаты есебінен алынған негізгі құралдарды ЖБТ және ҮА қаржылық басқару бойынша мамандары Жобаның іске асырылу мерзімі барысында алынған ұзақ мерзімді активтерді және тауарлық-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) түгендейді және балансқа алады, бұл санатқа ЖБТ және ҮА қажеттіліктері үшін алынған ТМҚ кірмейді. ЖБТ және ҮА қаржылық басқару бойынша мамандары ТМҚ қажеттілігіне қарай есептен шығарады. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына сәйкес, БҒМ түгендеу өткізу бойынша комиссия құрамын құрып, БҒМ қызметкерлері арасынан материалды жауапты тұлғаны анықтауы тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жоба аяқталғаннан кейін, ЖБТ және ҮА барлық ұзақ мерзімді активтер мен ТМҚ БҒМ балансына өткізеді.»; мынадай редакциядағы 8.2-1 - 8.2-1.5.3-тараулармен толықтырылсын: «8.2-1. 2020 жылы 1-компонентті іске асыру (IV раунд) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|