Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы (2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.16.05. № 361 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|