Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгiленсін. 2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|