«Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12360 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар: 1) әуеайлақтық қамтамасыз ету - бұл әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, рөлдеуі және тұрақтауы үшін тұрақты пайдалану даярлығында әуеайлақтың ұшу алаңын (ұшу-қону жолақтары (бұдан әрі - ҰҚЖ), рульдеу жолдары (бұдан әрі - РЖ), перрондар мен әуе кемелерінің тұрақ орындары) ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені; 2) тау әуеайлағы - жер бедерімен қилысатын және әуеайлақтың бақылау нүктесінен 25 километр (бұдан әрі - км) радиустан астам салыстырмалы түрде 500 метр (бұдан әрі - м) қатыстық биіктігі бар жерде орналасқан әуеайлақ, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 м және одан астам биікте орналасқан әуеайлақ; 3) межелі әуеайлағы - қонуға белгіленген әуеайлақ ретінде ұшу жоспарында және ұшуға тапсырмада көрсетілген әуеайлақ; 4) әуеайлақтың таңбалық белгі - аэронавигациялық ақпаратты беруге арналған әуеайлақтың немесе құрылыстың үстінде орналасқан белгі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|