«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 5-1 тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалы-телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясының 2022 жылғы 4 тамыздағы № 09-06-18/218, 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 09-06-18/254 хаттарына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 1 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін. 2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (келісімі бойынша) құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін. 3. «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|