Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидаларын бекіту туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 158 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау Қағидалары бекітілсін. 2. «Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 26 мамырдағы № 158 қаулысымен бекітілді
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджет түсімдерін болжау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|