ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2017.13.01. № 33 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына 6-қосымша
«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік қызмет регламенті (2018.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. ҚР Әділет министрінің 2018.20.02. № 238 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі өнеркәсіптік үлгіге патент не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні мен орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында көзделген.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|